Газа аймағындағы босқындар лагерлеріне Израйль әскерлерінің жасаған шабуылдары нәтижесінде кем дегенде 14 палестиналық қаза болып, 80-і жараланған.

Әл-Бурейж және Нуссерират босқындар лагерлеріне Израйль әскерлері баса-көктеп енген кезде оған қарулы көтерілісшілер қарсы тұрған болатын. Міне осы сәтте Израйль тарапы оларға оқ жаудырған. Мұндай қадамдар Израйльге қарсы шабуылдардың алдын алу үшін жүзеге асырылды, дейді Израйль тарапы.