АҚШ-тың радио-теле хабарлар тарату бойынша губернаторлар басқармасы Украина өкіметін тәуелсіз басылымдарға қарсы ұйымдастырып отырған науқанын тоқтатуға шақырды.

Сондай-ақ Азаттық және Америка дауысы радиоларының хабарларын әуеге шығарып тұратын Континент радиосының жұмысын қайта жаңғыртуына Украина өкіметінің мүмкіндік беруіне шақырды. Бұған орай арнайы қарар сәрсенбі күні қабылданған болатын.