Алматыда БҰҰ - ның аясында өткен «Атыс қаруы мен жеңіл қару жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері» тақырыбындағы халықаралық жиын өз жұмысын аяқтады.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемде сағатына 60 адам, яғни жылына 500 мың адам атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың салдарынан көз жұмады екен. Бұл жер шарының 6 миллиард тұрғынының әрбір тоғыз адамында аталған қару түрі бар деген сөз.
Дүниежүзінде алты жүз елу миллион қару-жарақ бар.Осы деректер аталған қару түрлерінің басқаларына қарағанда адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырғанын айғақтайды. 18 наурызда Алматыда БҰҰ- ның аясында өткен «Атыс қаруы мен жеңіл қару жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері» тақырыбындағы халықаралық жиын өз жұмысын аяқтады. Барлық пікірлер саралана келіп, Орталық Азияның бес мемлекетіне арналған коммунике қабылданды . Онда бірігіп күресу мен ықпалдаса отырып, жаңа қадамдар жасау қажеттігі атап көрсетілген. Аталған елдерден келген өкілдер бірауыздылық танытып, бірігіп күресуге деген ықыластары жиынның нәтижелі өткенінің көрінісі деді БҰҰ-ның бейбітшілік пен қарусыздану жөніндегі аймақтық орталығының директоры Цимото Ишигури мырза.