Өткен түнде жалпы ені 30 метрге жететін астероид жерден 43 мың шақырым қашықтықтан жанап ұшып өтті.

ВАШИНГТОН: Өткен түнде жалпы ені 30 метрге жететін астероид жерден 43 мың шақырым қашықтықтан жанап ұшып өтті. Ғарыштық зерттеулер бойынша АҚШ агенттігі – НАСА-ның өкілі хабарлағандай, бұл – бұрын-соңды тіркелмегендей, жерге мейлінше жақын ұшып өткен астеройд болды.