Пәкістанның әскери барлаушылары бүгін Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында “Әл-Қаида” және тәліп жасақтарымен шайқаста қолға түскен 100-ден аса тұтқынды тергеуде.

ИСЛАМАБАД: Пәкістан армиясының әскери барлаушылары бүгін Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында “Әл-Қаида” мен тәліп жасақтарымен шайқаста қолға түскен 100-ден аса тұтқынды тергеуде. Пәкістан армиясының өкілі генерал Сұлтан Шауқаттың “Франс Пресс” агенттігіне бүгін хабарлағанындай, әскери барлаушылар қолға түскен өзбек чешен арап және жергілікті пуштун тайпасының өкілдерінен жауап алуда.