ЕурОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Израильдің ”Хамас” тобының көсемін өлтіруін, олардың өз сөздерімен айтқанда - “заңнан тыс кісі” өлтіру деп бағалап, наразылық білдірді.

ПРАГА: ЕурОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Израильдің ”Хамас” тобының көсемін өлтіруін, олардың өз сөздерімен айтқанда - “заңнан тыс кісі” өлтіру деп бағалап, наразылық білдірді. Брюссельде бас қосқан сыртқы істр министрлері шейх Ахмад Йассинді өлтіру – терроризмге қарсы күрестің заңдық негіздемесіне балта шапты деп атап көрсетті. Ағылшын сырты істер министрі Джек Стро: “Израильдің халықаралық құқық аясында терроризмнен қорғануға құқылы екенін біз бәріміз түсінеміз. Бірақ бұл заңсыз кісі өлтіруге болады деген сөз емес. Біз оған наразылық білдіреміз” деп атап көрсетті.