Пәкістанның Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында үкімет армиясы мен “Әл-Қаида” жасақтарының арасындағы кескілескен шайқастар қайта жалғасты.

УAНА: Пәкістанның Ауғанстанмен арадағы шекара маңайында үкімет армиясы мен “Әл-Қаида” жасақтарының арасындағы кескілескен шайқастар қайта жалғасты. Атысты доғару туралы келісім бірнеше сағатқа ғана созылды. Жергілікті ақсақалдар ит мұрыны батпайтын таулы ауданда қоршауға түскен шамамен 500-ге жуық жасақтың тұтқынға берілуі жөнінде келіссөз жүргізеді деп күтілген болатын. Қазір пәкістандық барлаушылар қолға түскен 100-ден аса жасақты тергеуде.