Испания соты Мадридте 11 наурызда болған террористік қастандықтарды ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 4 кісіні қамауда қалдыру туралы үкім шығарды.

МАДРИД: Испания соты Мадридте 11 наурызда болған террористік қастандықтарды ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 4 кісіні қамауда қалдыру туралы үкім шығарды. Күдіктілер – 3 мароккалық және 1 испан азаматына – терроризмді кәсіп қылды деген айып тағылып, төртеуі де тергеу толық аяқталғанша қамауда қалады. Испандық – террористік шабуылға қажетті жарылғыштармен қамтамасыз етіп, қалғандарына қолқабыс болды деп айыпталуда.