Ауғанстандағы жаппай сайлау бұрынғы жоспардан үш ай кешіктіріліп, қыркүйек айында өтеді.

КАБУЛ: Ауғанстандағы жаппай сайлау бұрынғы жоспардан үш ай кешіктіріліп, қыркүйек айында өтеді. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай хабарлағандай, сайлау мерзімін өзгерту - президент және парламент сайлауларын сабақтастыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін жаппай сайлауды маусым айында өткізу жоспарланған болатын. Алайда қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз болауы мен дауыс берушілерді тіркеудің баяу өтуі сайлауға дайындықты кешеуілдетті.