Бүгін Өзбекстан астанасында кемінде бір жарылыс болып, ВВС-дің хабарлауынша, аз дегенде 4 милиция қызметкері қаза болса, 70-ке жақын адам түрлі жарақат алған.

Бүгін Өзбекстан астанасында кемінде бір жарылыс болып, бірнеше кісі көз жұмып, ондаған адам жарақаттар алды. Болған оқиға туралы Ташкенттен бір-біріне қарама-қайшы деректер келіп түсуде. Бір мәліметке сәйкес, кем дегенде 2 кісі құрбан болып, 20-ға жуық адам жараланған, ал ВВС-дің хабарлауынша, аз дегенде 4 милиция қызметкері қаза болса, 70-ке жақын адам түрлі жарақат алған. Өзбекстанның қауіпсіздік қызметтерінің есептеуінше, бұл жанкешті әйел жүзеге асырған террористік шара болды. Өзбек президенті Ислам Кәрімов теледидар арқылы мәлімдеме жасайды деп күтілуде.