Ауғанстандағы халықаралық күштер мен ауған полициясы бүгін Гульбуддин Хикматиярдың қарулы жасағының 8 мүшесін тұтқындады.

Ауғанстандағы халықаралық күштер мен ауған полициясы бүгін Гульбуддин Хикматиярдың қарулы жасағының 8 мүшесін тұтқындағанын хабарлады. Халықаралық қауіпсіздік күштерінің өкілі Крис Хендерсеннің мәлімдеуінше, қолға түскендердің ішінде Хикматияр бастаған топ жетекшілерінің бірі бар көрінеді.