Б.Нетаньяху: Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауының кейбір ауданы мен Газа секторынан кеткеннен кейін, Батыс жағалауындағы еврей қауіпсіздігіне 10-даған млн. доллар инвестиция бағыттайды.

Израильдің қаржы министрінің мәлімдеуінше, Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауының кейбір ауданы мен Газа секторынан кеткеннен кейін, Батыс жағалауындағы еврей қауіпсіздігіне 10-даған млн. доллар инвестиция бағыттайды. Израильдің қаржы министрі Беньямин Нетаньяху бүгін Иерусалимде осылай деп хабарлады. Қорғаныс қабырғасын салу жобасы жанжалды үйлестірудің Вашингтон қолдап отырған “жол картасы” жоспарына қайшы келеді.