Ресей президенті В.Путин бүгін Кремльде Қазақстан елбасы Н.Назарбаевпен әлемнің бірқатар өзекті проблемасы мен екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелерін талдады.

Ресей президенті В.Путин бүгін Кремльде Қазақстан елбасы Н.Назарбаевпен кездесіп, әлемнің бірқатар өзекті проблемасы мен екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелерін талдады. Кездесудің басында В.Путин – наурыз айының соңы мен көкектің басындағы Өзбекстанда болған лаңкестіктерді нұсқай отырып, Ресей Орта Азия аймағындағы тұрақтылыққа мүдделі деп атап көрсетті.