Риядта сәрсенбі күні орын алған бомбалық жарылыс құрбаны тағы бір адамға көбейіп отыр.

Яғни бесінші адам ауыр жарақаттан көз жұмған екен. Әл- Харамайн атты қарулы топ бұл оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алуда. Жараланғандар саны 145 шамасында. Осы оқиғадан бір күн кейін Сауд полициясы екі лаңкесті өлтіріп, біреуін жаралап, төртеуін қамауға алған.