Үндістанның Ұлттық Конгресс партиясы кешеден бері жалпы сайлауда партия жетекшісі Соня Гандимен бірге жеңіске жеткендерін тойлау үстінде

Үндістанның жаңа үкіметбасы Соня Ганди болуы мүмкін деген де болжамдар айтыла бастады. -Алдағы бірнеше күнде үкімет құру процесі күшейте жүргізіледі. Конгресс партиясы бастаманы өз қолына алып, тұрақты, әлеуетті және зиялы үкімет құруға неғұрлым тез арада жетуге болатынына кепілдік береді,-деп атап көрстекен Конгресс партиясының басшысы Соня Ганди. Италия тумасы Соня Ганди қастандықпен өлтірілген Үндістанның премьер-министрі Раджив Гандидің жесірі. Өз партиясы сайлауда жеңіліс тапқан соң, үкіметбасы Атал Вихари Ваджпай кеше қызметінен кетті. Үндістанның дамып келе жатқан экономикасы мен Пәкістанмен қарым-қатынастың жақындай түсуінен тағы да бесжылдық мерзімге жеңіске жетемін деп ойлаған Ваджпай бұл сайлауды мерзімінен алты ай бұрын шақырған еді. Соня Ганди Пәкістанмен екі арадағы келісімдер жалғаса беретін болады деді.