Ауғанстанның оңтүстік шығысында үкіметтік қызметкерлер кетіп бара жатқан көлікте қашықтан басқарылатын бомбы жарылып, кемінде 4 адам жарақат алды.

Олар сайлау мәселесімен айналысатын ресми адамдар көрінеді. Тағы бір хабарға қарағанда, Қабұлдан 60 шақырымдай жердегі Пули Алам кентіндегі қыздар мектебіне жасанды бомбы қойылыпты. Оны дер кезінде тапқан.