АҚШ әскери басшылығы хабарлағанындай, олардың күштері сәрсенбі күні кешке Ирақтағы қақтығыстар кезінде Наджаф қаласында көптеген жергілікті жауынгерлерді опат қылған.

Генерал Марк Киммиттің айтуынша, американдық күштер шииттер көсемі Моқтада ал-Садр қол астындағы жүз шақты қарулыны мерт еткен. Сондай-ақ, Бағдадтағы Садр қаласында кемінде 30 адам қаза тапқан. АҚШ күштері үкімет ауысатын кез - маусымның 30ына дейін ал-Садрді тұтқындап оның қосындарын тізе бүктірмек.

- Біз, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел екеуміз де Ирақ халқына толық егемендік берілуін қалаймыз. Бірақ халықаралық күштер АҚШ қолбасшылығы бақылауында болмақ, - деген Британия бас министрі.