Мәскеу іргесіндегі шіркеуде кеше Ресейдің ең үлкен қоңырауы дабыл қақты. Патша қоңырауы Мәскеу іргесінде орналасқан Сергиев Посад қалашығындағы Святая Тройца Сергиева шіркеуінде қағылды. Салмағы 72 тонна болатын патша қоңырауы – 1930 жылдары Иосиф Сталин билеген Совет үкіметінің дінге қарсы жүргізген қудалау саясаты кезінде жойылған алып қоңыраудың орнына құйылды. Осы саясат кезінде мыңдаған шіркеу бұзылып, дін өкілдері ит жеккенге айдалды.