Пәкістанда мешітте болған қопарылыстан опат болғандар саны көп болып шықты

Кеше Пәкістанның Карачи қаласында шиит мешітіне болған шабуылда опат болғандар саны бүгін 19 кісі делініп отыр. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешқандай ұйым өз мойынына алған жоқ. Бұл оқиға шииттер арасында толқу тудырды. Толқу барысында тағы да 3 кісі опат болды.