Бүгін Рим Папасы Иоан Павел Швейцарияға сапармен барады.

Бұл 84 жасар Рим Папасының денсаулық жағдайына байланысты соңғы тоғыз айда бірінші рет жолға шығуы. Швейцария астанасында Рим-Католик шіркеуінде Папа мыңдаған жастар алдында жолдау жасайтын болады. Ал жексенбі күні Рим Папасы Берн тұрғындарымен ашық аспан астында кездеседі.