Солтүстік Ауғанстанда шайқас болды.

. Ауғанстан теріскейінде шиит және сунит мұсылмандары арасында орын алған шайқаста 4 кісі опат болды. Мазари-Шариф қаласының сыртында кеш болған бұл шайқасқа шииттердің Хезби-Вахдат және суниттердің Жамият-е-Ислами топтары қатысты. Шайқас жер дауынан шыққан.