Нажаф қаласында Ирақ полициясы мен Мұқтада әл-Садр жақтастары арасында шайқастар болды.

Оның кесірінен екі адам қаза болып, 20-дан астамы жараланған. Ирақ полициясы хабарына қарағанда, бұл оқиғаға АҚШ әскерлері араласпаған. Әл-Садр жақтастары Ирақ полициясын АҚШ күштерімен әріптес боп кетті деп жазғыруда.