Ислам Конференциясы Ұйымына мүше 57 елдің сыртқы істер министрлері мен дипломаттары бүгін Стамбулда бас қосып, оның барысында талданатын ең басты тақырып – Ирақтағы ахуал және АҚШ бастаған коалициялық күштердің билікті 30 маусымда уақытша Ирақ үкіметінің құзырына беру мәселелері болмақ. Сонымен қатар Палестина-Израиль жанжалы мен араб және мұсылман елдерінде саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мәселелері де сөз болады деп күтілуде.