Қытай Халық Республикасының президенті Ху Дзинтяо бүгін мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді деп күтілуде. Қытайлық мәртебелі қонақ өзбек президенті Ислам Кәрімовпен және басқа да ресми тұлғалармен екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша келіссөздер өткізуге тиіс. Келіссөздердің қорытындылары бойынша өзара достық пен ынтымақтастық туралы декларацияға қол қояды деп күтілуде.