Израиль бас прокуроры Менахем Мазуздың сейсенбі күні айтуынша, коррупция жөнінде бас министр Ариель Шаронға тағылған айып дұрыс емес деп табылған.

Маусымның 15і күні өткен баспасөз мәслихаты кезінде ол былай деген.

- Мен Ариель Шарон мен оның ұлы Ғилад Шаронға тағылған айыптар жетерлі айғақ-деректің жоқтығына орай алып тасталады, деген қорытындыға келдім. Оған менімен бірге тергеу жұмыстарын жүргізген топ та келісіп отыр, - деген бас прокурор.

Жыл басында Израильдік бас тергеуші Една Арбел, Давид Аппелден пара алған деген айыппен Ариель Шаронның үстінен қылмыстық іс қозғау қажет, деп тапқан болатын. Аппел - Израильдің бұрыңғы сыртқы істер министрі.