Астанада бүгін екі саммит өтіп жатыр.

Осында бүгін Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікістан және Армения президенттерінің саммиті басталды. Күн тәртібінде аймақтағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесі. Бірінші саммит Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы аясында өтсе, екінші саммит Еуроазиялық Экономикалық қоғамдастығы жетекшілерінің бас қосуы аясында өтеді. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістан президенттері қатысады.