Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасына байланысты алты жақты келіссөздер өткізу жөнінде Құрама Штаттары ұсыныс жасамақшы.

Төрт күндік бұл басқосу Бейжің қаласында өтетін болады. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Жеймс Келлидің айтуынша: “Біздің ең басты мақсатымыз-Корей түбегін ядролық қарудан азат ету. Мұның қорытындылары аймақтағы және сол түбекте өмір сүріп жатқан адамдардың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін ғана баянды етіп қоймай, сондай-ақ менің елім мен Солтүстік Корея, тағы да осы ел мен халықаралық қауымдастық арасындағы жаңа қарым-қатынастарға есік ашпақшы”-, деді Кели мырза.