Израильдің әскери тікұшақтары Газа аймағын зымыранмен атқылады.

Израильдің әскери тікұшақтары Газа аймағын зымыранмен атқылады. Бұл шабуыл палестиндік жасақтардың кеше израильдік әскери күзетті жарып, 6 жауынгерді жаралауына жауап есебінде жасалып отыр. Зымырандық шабуылдан қанша адамның қаза болғаны туралы ақпар жоқ. Жарылыстан кейін Израиль жауынгерлері оқ атып, бір бозбала мен ер кісіні өлтірді.