Монғолияда парламент сайлауы аяқталды. Сайлаушылардың белсенділігі бұл жолы 80 пайыздан да асқан тәрізді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жолы да бұрынғы компартияның мұрагері болып табылатын Монғолияның халықтық-төңкеріс партиясы жеңіске жеткен тәрізді. Монғолия халқы аталмыш партияның экономикалық саясатына өте риза көрінеді.