Сербия елбасылық сайлауында батысшыл бағыттағы Борис Тадич жеңіске жетті.

Онымен бірге жұмыс істеп, әріптестік орнатуға Еуропа одағы ықлас танытып отыр. Кешегі сайлаулар барысында Томислав Николич жеңіліс тапты. Тадич сондай-ақ Сербияның алдағы уақытта БҰҰ жанындағы соғыс қылмыскерлеріне арналған трибуналмен әріптестік орнататындығын мәлімдеді.