БҰҰ ресмилері сейсенбі күні Сьера Леонада болған тікұшақ апатында 24 адамның бәрі түгел қаза тапқандығын растады.

Бұл жөнінде БҰҰ өкілі Марие Окабе, - Мәлім болғанындай, бұл апаттан аман қалғандар жоқ сықылды. БҰҰ ол уақиғаға байланысты тергеуді бастады. Бас хатшы өз кісілері қаза тапқан отбасылар мен үкіметтерге көңіл айтты, - деді.

Ресейде жасалған ол тікұшақ Қайлахұн қаласына бейбітшілік сақшылары мен жұмысшыларды алып бара жатқан кезде байланыстан жоғалған. Апаттың себебі әзірше беймәлім қалып отыр.