АҚШ президентінің өкілінің айтуынша, Саддам Хұсейн мен оның бас кеңесшілері Ирақ халқына жасаған қылмыстары үшін әділ сот алдында жауап береді.

- Бұл қатаң режим көптеген бейкүна өлім, азаптау орындары үшін жауап береді. Кінәлілар сот және Ирақ халқы алдында жауап беруі тиіс, - дейді АҚ үйлік өкіл Скот МкКлеллан.

Ирақ бас министрі Аллауидің кеңсесінен хабарланғанындай, 12тұтқын Ирақ заң орындары қолында болғанымен оларды америкалық күштер күзетіп отыратын болады. Оларға бүгін бейсенбіден бастап айыптама оқылады.