Ресей салық министрлігі ЮКОС мұнай компаниясынан борышты 6 млд. 800 млн доллар талап етіп отыр екен.

Осыған дейін 2000-жыл үшін ЮКОСтан 3млд. 400 млн доллар сұраған болатын. Бірақ бейсенбі күнгі сот үдерісінен кейін 2001-жыл үшін Салық министрлігі ЮКОСтан тағы да 3млд.400млн доллар талап етті. Бұл мәселеге орай ЮКОС компаниясы өкілі Александр Шадрин Мәскеуде былай деген.

- Маусымның 30-ындағы сот шешіміне орай бұл қаржы алдағы 5 күн ішінде төленуі тиіс.

ЮКОСтың пікірінше, ол ақшаны төлесе компания банкротқа ұшарйды екен. Ал бұл арада, бейсенбі күні сот ЮКОС компаниясының банктердегі ақшасын жауып тастауғы шешім қабылдады