Юкостың бір миллиард доллар қарызын тез арада төлеуін талап етуден халықаралық 10 шақты банк бойын аулақ салып отыр.

Солардың бірі франциялық Соцает Женерал банкі Юкостың өз міндеттемесін орындамағаны жөнінде жұма күні мәлімдеген болатын. Алайда бүгін ол қарыздарды Юкостың белгіленген уақытта қайтаруын талап етпейтіндігін жариялады. Сондай жеңілдіктерді қарастырып отырған банктер қатарында БНП Парибас, Ситибанк, Коммерцбанк, Дойтш банк және басқалар бар. Өткен бейсенбіде банкілердегі Юкос есеп-шоттарын Ресей Әділет министрлігінің жауып тастағаны белгілі.