МАГАТЭ-нің Бас директоры Мухаммад Әл-Барадейдің хабарлағанындай, болашақта Израиль Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдыру мәселесін талдауға әзір екендігін мәлімдеген.

Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің Бас директоры Мухаммад Әл-Барадей хабарлағандай, болашақта Израиль Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдыру мәселесін талдауға әзір екендігін мәлімдеген. Ол жайында Әл-Барадей бейсенбі күні Израиль премьер-министрі Ариэль Шаронмен келіссөзінің ізінше хабарлады. Тель-Авивтің өзі оған ешқандай түсінік берген жоқ. Израильге сапары барысында МАГАТЭ-нің Бас директоры Тель-Авивті ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қоюға көндірмек болды. Израиль осы күнге дейін өзінің жаарғында ядролық қарудың не бар, не жоқтығын растаған да жоқ, жоққа да шығармай отыр.