Оңтүстік Осетиядағы Кармадон шатқалында 2002 жылдың қыркүйегінде мұз қатпары құлаған жерден адамның сүйегі табылды. Қазір қаза болған адамды анықтау шарасы жүріп жатыр. Құтқарушылардың хабарлауынша, әлгі адамның сүйегі кіші-Сергей Бодровтың фильм түсіретін командасы жоғалған жерден табылған. Мұз қатпары құлаған сәтте 20 адам қаза болып, 105 кісі, оның ішінде кино түсірген топ түгел хабар-ошарсыз жоғалды.