Уганда президенті Иовери Мусовени СПИД-пен күресте мүшеқаптарды жеткіліксіз деді.

Бұл туралы ол СПИД-ке қарсы күрес жөніндегі халықаралық мәжілісте айтты. Уганда президенті Иовери Мусовени, «некеге араласқан басқа адамдар инфекция жұқтыруы мүмкін. СПИД-тің таралуын тоқтату үшін, некедегі жұбайымен зайыбының бір-бірінің көзіне шөп салмауы қажет»,- деді.