Қырғызстандағы дәрігерлер 76 жасар жазушы Шыңғыс Айтматовтың жүрегі қысылған деп хабарлайды.

Қырғызстанның ұлттық кардиология және терапия орталығының өкілі Айнагүль Жұмағұлова,-«емделушінің жағдайы салыстырмалы түрде айтқанда тұрақты»,-деді. Айтматов еңбектері көптеген әлем тілдеріне аударылған. Оның туындыларын бұрыңғы кеңес одағының президенті Михаил Горбачев сүйіп оқитын.