Ирақтың Әл Хадиса қаласында полиция бөлімшесі маңындағы жарылғыш зат салынған автомашина жарылысы кезінде 10 адам өлді 30 жаралы.

Олардың үшеуі полиция қызметкерлері. Киркук қаласынан алыс емес жерде мұнай құбыры өртеніп жатыр. Өрт себебі белгісіз. Бірақ, дәл осы ауданда экстремистер мұнай мен газ құбырларын зақымдап тұрады. Кеше Мосул-Бағдат жолында Найнава атты солтүстік облысының губернаторы Усама Кашмула өлтірілді. Атыс барысында оның 2 оққағары және шабуыл жасағандар жағынан 4 адам мерт болды.