Ирақ әділет министрі Малик Дохан ал-Хассан қастандықтан аман қалды

Сенбі күні болған жанпидашылық көлік бомба шабуылында 5 адам қаза тапты. Үшеуі – кежеуіл. Сондай-ақ Ирақта бұл күнгі бомды шабуылдарында тағы да 3 кісі мерт болды. Әділет министріне жасалған қастандық шабуылын Әл-Зарақуи жетекшілігіндегі иорданиялық қарулы топ өз мойнына алып отыр.

- Батыс ауданда болған жарылысты есітіп ол жерге келгенімізде 4-5 көліктің қирап, жанып жатқанын көрдік, - дейді министр ал-Хассанға шабуыл жасалған жер бір американдық сарбаз.

Махмұдиядағы Ирақ ұлттық қауіпсіздік күзеті штабы алдында болған көлік жарылысынан күзет қызметінен кемінде екі қызметкер қаза тауып, 25 шақты адам жарақат алды.