Филиппиннің Ирақта қалған соңғы әскерилері және полиция қызметкерлері келер аптаның басында еліне қайтады

Бұл жөнінде ресми Манила хабарлап отыр. 51 мүшесі бар өз жасағын Филиппин елі жоспарланған уақыттан бір ай бұрын, өткен жұмада шығара бастады. Себебі, егер ондай қадам орын алмаған жағдайда Ирақ қарулы топтары кепілдіктегі филиппиндік азаматты өлтіретіндіктерін айтып, бопсалап отыр.