Пәкістан президенті Первез Мушарраф Үндістанның жаңа үкіметімен тұңғыш келіссөздерін өткізді

Оның Исламабадта Үндістан сыртқы істер министрі Натвар Синхпен бүгін өткізген кездесуі – қаңтар айында басталған екі жақты бейбіт келіссөздердің тізбегіндегі соңғы бас қосуы болды. Ядролық жойқын қаруы бар екі көрші ел өзара дау туғызып отырған Кашмир жері үшін 2002 жылы бір-біріне қарсы соғыс жариялауға дейін дайын тұрды.