Ресейдің әділет министрлігі ЮКОС мұнай компаниясының қарамағындағы «Юганскнефтегаз», «Томскнефтегаз» және «Самаранефтегаз» кәсіпорындарының мүлкін пайдалану құқына тыйым салды.

«ЮКОС» басшылығы әділет министрі Юрий Чайкаға,-«тыйымның кесірінен біз мұнай табуды тоқтатуға мәжбүр боламыз»,-деген хат жіберді. Чайканың сөзінше, концерн қарызының бір бөлігін өтеу үшін, оның қарамағындағы «Юганскнефтегаз» кәсіпорыны сатылады. Бүгін «ЮКОС» мұнай компаниясы 15 миллиард рублді салық берешегінің есебіне өтеген.