Ресей парламентінің жоғарғы шатыры, яғни Федералдық кеңесте заң жобасы мақұлданды.

Ол бойынша қарт адамдар, мүгедектер және басқа да тұлғаларға совет дәуірінен бері көрсетіліп келе жатқан жеңілдіктер алынып тасталып, оның орнына ақшалай жәрдем ақы берілетін болады. 179 орындық кеңестегі 156 депутат бұл заң жобасын қолдап, бес адам қарсы болып және біреуі қалыс қалды. Мұндай қадамға зейнеткерлер мен мүгедек жандар сенімсіздік танытуда. Себебі, төленетін жәрдем ақы көлемі инфляция әсерімен құнсызданып, ал өздері болса ежелгі жеңілдіктерден айрылып қаламыз, деп қауіп ойлауда олар. Заң жобасы елбасы Владимир Путиннің қол қоюына жіберілмекші.