Ауғанстан мен БҰҰ-ң бірлесіп жариялаған баспасөз-хабарламасында ауған тұрғындарының 37 проценті су тапшылығынан қарындары тойып тамақтанбайды деп атап көрсетілген.
Сондай-ақ өткен жылы елдің оңтүстігі мен шығысында астық бағасы екі есе көтеріліп кеткендігі айтылған.
БҰҰ-ң өкілі шамамен азық-түлік және ауыз су іздеген 3-4 мыңдай адам осы жақын күндердің өзінде Ауғанстанның оңтүстігінен басқа аймақтарға босып кетті дейді