АҚШ-тың оңтүстік-шығысында соғып тұрған Френсис дауылы Дж.Кеннеди атындағы ғарыш кешеніне айтырлықтай нұқсан келтірді

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында соғып тұрған Френсис дауылы Дж.Кеннеди атындағы ғарыш кешеніне айтырлықтай нұқсан келтірді. Жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жететін дауыл жел 40 қабатты ғарыш кешені ғимаратының 3 метрлік алюминий жапқыштарын жұлып атып кетті. Ғарыш кемелерінің жанар май бөшкелері ыстықтан қорғайтын жапқышпен қапталатын ғимаратқа су көп зиян тигізді. Ендігі жерде бұл өндірісті басқа қалаға екөшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.