Бірақ, дипломатар бұл орайда кешігу мүмкін деп отыр, өйткені Құрама Штаттары қатал шешім шығарылуын мақсат етіп отыр. Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік жетекшісі Мохаммед әл Барадей журналистерге келіссөздерді жалғастыруда қиыншылықтар бар деген болатын. Германия, Франция және Ұлы Британия ұсынған шешім бойынша, Иранға агенттік ядролық бағдарлама бойынша қатаң шешім шығаруы шарт. Құрама Штаттар Біріккен Ұлттар Ұйымынан Иран уранды байытуды тоқтатпаса, шектеулер қоюды сұрап отыр. Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік жетекшісі Мохаммед әл Барадей Иранның атом қаруын жасап жатыр немесе жасамай отыр деген нақты дәлелдер жоқ деген болатын.