АҚШ ұшақтары Фәллуджадағы нысаналарға соққы берді

АҚШ әскерінің өкілі бүгін жариялағандай, АҚШ ұшақтары Фәллуджа қаласында көтерілісшілер бекінді деген нысаналарға соққы берді. Абұ Мұсаб Әл-Зарқауи тобының адамдары отыр деп күдіктелетін үйлер нысанаға алынды. Абұ Мұсаб Әл-Зарқауи "Әл Қаида" террорлық ұйымымен сыбайлас деп есептеледі. Бағдадта көтерілісшілер бүгін жарылғыш заттарға толы мәшинемен АҚШ әскери бекетін соқпақшы болды. Арада оқатыс орын алып, ол мәшине американдық сарбаздардың оғынан жарылды.