Қытайдың бұрынғы премьері әрі компартияның лидері Цзянь Цзэминь – Қытайдың халық армиясының бас қолбасшысы лауазымынан босатылып, ол лауазымға Ху Цзиньтяо сайланды

Қытайдың бұрынғы премьері әрі компартияның лидері Цзянь Цзэминь – Қытайдың халық армиясының бас қолбасшысы лауазымынан босатылып, ол лауазымға Ху Цзиньтяо сайланды. Ол жайында Қытай компартиясы Орталық Комитетінің 4 күн бойы жалғасқан жабық мәжілісінен кейін хабарланды. Цзянь Цзэминьнің қарулы күштердің басшылығынан кетуі – Ху Цзиньтяоға Қытайдың бірінші басшысы болуына мүмкіндік берді. “Синьхуа” агенттігінің хабарлауынша, Компартияның Орталық Комитетінің 4 күндік пленумы Орталық әскери комиссия төрағасының орынбасарын да бекітті.