Сербиядағы жергілікті сайлаулардың алдын-ала қорытындылары белгілі болды

Оған қарағанда батыстық бағыттағы үміткер, Белград қаласына басшылыққа сайлау барысында, ұлтшылдық бағыттағы үміткермен бепе-бет келмекші. Атап айтқанда Демократиялық партия атынан сайлауға түскен Ненад Богданович 33,1 пайыз дауыс жинақтаса, ал ұлтшылдық бағыттағы Сербия радикалдық партиясы өкілі Александр Вучич 29,2 пайыз дауысқа ие болған.